Биыл Еңбекшіқазақ ауданында бірқатар ауыл әкімдері сайланды. Соның ішінде Масақ ауылдық округін басқарып отырған Руслан Жақабай да бар. Демократиялық үрдіске сай ұйымдасқан жаңашыл шараның әсері мен жауапкершілігі қандай деген сұраққа жауап іздеп, замандасымызды әңгімеге тартқан едік.
– Руслан Рыскелдіұлы, ауыл әкімдерін сайлап қоюдың ықпалы мен ерекшелігін қалай сезіндіңіз?
– Меніңше, ауыл халқының әкім таңдаудағы әрекеті үлкен іс. Бұл – елге және елдімекенге деген жанашырлықтың көрінісі. Көпшіліктің жергілікті билікке тікелей қатысуы. Жүктейтін жауапкершілігі зілбатпан. Е н д і г і ж е р д е о н ы ң с а л м а ғ ы екі есе ауырлайды. Жоғарғы биліктің тапсырмаларын орындаумен қатар, өзіңе сенім артқан, сайлаған ауылдастарға қабілетіңді дәлелдеуге міндеттісің. Берген уәдеңді ойдағыдай орындауың қажет. Бос сөз болмайды, бәрінің сұрауы бар. Соны сезінген кезде сергіп қоя бересің.
Мен Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірдім. Диплом алған соң қаладағы өндірістік компанияларда еңбек еттім. Біршама ысылдым. Одан кейін мақсат-мұратымды ой елегінен өткізіп, туған жерге бет бұрдым. Жергілікті әкімдікке бас маман болып қызметке орналастым. Әкімнің орынбасары лауазымын атқардым. Жұртпен араласудың әдіс-тәсілдерін меңгердім. Сөйтіп, әкім сайлауына үміткер ретінде қатысатын күнге де жеттік.
Көп жылдық тәжірибем, әкімнің міндетін атқарған кездерім бола тұра, халық сенімі үшін бәсекеге түскенде толқыдым. Толқымау мүмкін емес. Жерлестеріме дән ризамын, 79,6 пайыз дауыспен мені қолдап, билік мандатын қолыма ұстатты. Сайланудың жөні бөлек. Ол қоғамдық көзқарас пен халықтық ұғымыңды бұрынғыдан да тереңдетеді.
– Округ аясында, негізінен, қандай мәселеге назар аударғанды қалайсыз?
– Ең бірінші, ауылдағы отбасылар маңдай терінің жемісін жеп, еңбегінің нәтижесіне кенеліп, ауқатты адамдарға айналса екен деп армандаймын. Сондай деңгейге жетсек қолымыз ұзарады, көп нәрсенің шешімі табылады. Жұртты үлкен мақсаттарға жұмылдырған жөн. Мен мынаған кәміл сенемін: біздің азаматтардың қолынан бәрі келеді. Ауылдастарын алға бастаған әкім – нағыз әкім. Осы межеден айнымасақ болғаны. Ауылды басқару үшін де ой-толғаныс, шығармашылық ізденістер қажет. Нұрлы және Қазтай Ұлтарақов ауылдарын қамтитын біздің округте 6000- Биыл Еңбекшіқазақ ауданында бірқатар ауыл әкімдері сайланды. Соның ішінде Масақ ауылдық округін басқарып отырған Руслан Жақабай да бар. Демократиялық үрдіске сай ұйымдасқан жаңашыл шараның әсері мен жауапкершілігі қандай деген сұраққа жауап іздеп, замандасымызды әңгімеге тартқан едік. дай адам тұрады. Көшіп кетіп жатқандар байқалмайды. Келіп жатқандар баршылық. Себебі, іргемізде халықаралық қазақ-қытай газ магистралының мекемесі бар. Темір жол стансасына жұрт көптеп шоғырлануда. Нұрлыда желден энергия алатын кәсіпорын жұмыс істейді. Мұның бәрі өңір азаматтары үшін тиімді.
Тоғыз жолдың торабындағы Масақты үлкендер баяғыда мақтаныш етіп «Біздің ауыл портты елді мекенге жатады» деп қалжыңдайды екен. Сол әзіл біртіндеп шындыққа айналатын сияқты.
– Шаруа қожалықтары туралы не айтар едіңіз?
– Аграрлық саланың әртүрлі бағытын қамтыған 164 шаруа қожалықтары бар. Соның 15-і мал өсірумен айналысады. Несін жасырайық, малшыларымыз көктемде және күзде жайылымнан таршылық көріп қиналады. Ал мына, Бұғытыда 7000 гектар жер босқа жатыр. Иесі аяқты малды аттатпайды. Құжатын алға тартады. Соны мемлекетке қайтарып алу жұмыстары жүріп жатыр. Құзырлы орындар оны қолға алды. Ұзамай жайылымға жаримыз деген сенімдемін. Жер еміп өскен диқандарымыз табыстарын тасытып жүр. Мемлекет те оларды қолдап келеді.
– Нұрлының бүгіні мен болашағы туралы ойыңыз қандай?
– 80-ші жылдары, кеңестік бүкілодақтың күшімен Нұрлыда қала пішіндес ауыл бой көтерген. Оның құрылысы, инфрақұрылымы талайды таңғалдырған. Кейін қоғам ауысып, қолға алған жұмыстар тоқтап қалған. Сөйтіп ауыл тозып кетті. Үйлер қаңырап бос қалды. Шүкір, енді сол Нұрлы қайтадан жандана бастады. Көшіп келушілер қарасы молайды. Олар бұзылған үйді қалпына келтіріп, түтіндерін түтетіп жатыр. Бұрынғы екіқабатты дүкен заманға сай жаңартылып, имандылық орталығы – мешітке айналды. Тағы бір құрылыс жөнделіп, спорт залы болып жасақталғалы жатыр. Көшелерге асфальт төселіп, электр шамдары ілінетін бағаналар орнатылуда. Таяуда бәрі толық аяқталып, пайдалануға беріледі.
– Осы маңда жер астынан шығатын табиғи ыстық судың мол қоры бар екені белгілі. Оны пайдаланудың жоба-жоспарын қарастырып жатқан боларсыздар?
– Нұрлыдағы ыстық судың пайдасы мол. Әсіресе, тері ауруларына мыңнан бір ем. Енді оны қайта іске қосатын уақыт келді деп ойлаймын. Ол туралы мәселе көтергенбіз. Аудан, облыс үнімізге құлақ асып, дайындыққа кірісудің алдында тұр. Жолдар жасалып, инфрақұрылым жақсарса инвесторлар да тартылып, демалатындар мен ем алатындардың көбейетіні анық.
– Облыстық газетте көнерген мектептің жайын қозғап едік, соған байланысты не жаңалық бар?
– Газетке рахмет! Дұрыс қозғау салып көмектестіңіздер. Соның ықпалы аз болған жоқ. Қазтай және Нұрлы ауылындағы мектептерге 2024 жылы күрделі жөндеу жүргізіледі. Мәселе толық шешімін тапты, тиісті құжаттар рәсімделді.
– Өскен ортаңыз туралы айта кетсеңіз.
– Мен тегімді, әулетімді әрқашан мақтан етемін. Олар менің ойым мен бойыма қазақтың барлық жақсы қасиеттерін дарытты. Атам Жақабай – осы елді мекендегі шаруашылықты өз қолымен құрғандардың бірі. Саналы ғұмырын ел үшін, ауыл үшін еңбек етуге арнады. Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері еді. Әкем – Рыскелді әулетімізде қалыптасқан ата дәстүрді одан ары дамытты. Масақ жұртын салауатты өмір сүруге үйретті. Өзі еркін күрес бойынша облыстан шыққан алғашқы спорт шебері. Сонымен қатар, шарушылықтың басшы қызметтерінде болды. Кешегі өтпелі кезеңде Масақта кооператив ұйымдастырды. Қазір еліне сыйлы ақсақал. Үшінші кезек – менікі. Эстафетаны қабылдауға тура келді. Сондықтан маған әкім болу аз, ата мен әкенің жолын жалғастырып, үмітін ақтауым керек. Сол кісілердің атына кір келтірмесем екен деп толғанамын. Жұртпен бірге жүріп ауылды көркейту – басты арманым. «Біреудің ала жібін аттама, жүзің жарқын болады» деген сөз – біз үшін атадан қалған аманат.
– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан Болат МӘЖИТ,
Еңбекшіқазақ ауданы