Қаржы министрлігінің бюджеттік кредиттеу, ұлттық қор және қаржы секторы мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазин Ұлттық қордың ақшасы бала шотына 1 ақпанда аударыла бастайтынын айтты.
«Ұлттық қор төлемдерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап аударады. 18 жасқа толмаған барлық балаға бірдей сома аударылады. Ал кәмелет жасына 2024 жылы толатын балалар сол қаражат шотына түскен кезден бастап өтінім беріп, Ұлттық қор ақшасын пайдалану мақсатын растайтын құжатты көрсету арқылы әрі қарай бұл қаражатты пайдалана алады», — деді Айбол Арғынғазин ведомство ұйымдастырған брифингте.
Ол сондай-ақ, Ұлттық қор қаражатын емдеу шараларына жұмсауға рұқсат жоқ екенін айтты.
Министрлік өкілінің айтуынша, денсаулығына байланысты қиындыққа тап болған азаматтарға қолдау көрсетудің «Қазақстан халқына қоры», зейнетақы жинағының артылған көлемін пайдалану сияқты түрлі тетіктер бар.