«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын қолға алды.
Аталған акцияның мақсаты – ел азаматтарын тазалық пен тәртіпті сақтауға шақыру, табиғаттың ластануына бей-жай қарамауға үйрету, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және өскелең ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Акция облыс тұрғындары тарапынан қолдау тапты. «Таза бейсенбі» шарасы Ұйғыр ауданында да жалғасты. Шонжы ауылындағы орталық аурухана аумағын қоқыстан тазарту жұмыстарына облыстық мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының өкілдері, медицина қызметкерлері, БАҚ өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты. Шара соңында белсенді жұмыс істеген азаматтар марапатталды.
Бұл акцияның негізгі идеясы – әр ұйымға белгілі бір учаскені бекітіп, ондағы тазарту шараларын тұрақты түрде жүргізу. «Тазалық – денсаулық кепілі». Сондықтан «Таза бейсенбі» акциясы әрі қарай сәтті жалғасатыныны сенім зор.