Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бүгін Райымбек ауданында халыққа есеп беру кездесуін өткізді. Жиында әкім ауданның экономикалық көрсеткіштеріне тоқталды.
Ауданда бүгінге дейін негізгі капиталға 1,7 млрд. теңге инвестиция тартылды. Ал ауданның 2024 жылғы бюджеті 6,2 млрд теігені құрады.
Облыста ауыл шаруашылығы саласын қолдау бойынша бірнеше бағдарлама жұмыс істейтіні белгілі. Мәселен, «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту» өңірлік бағдарламасы аясында облыс шаруа қожалықтарына 6 млрд. теңге бөлінді. Ал оның ішінде Райымбек ауданының 5 шаруа қожалығына 297,3 млн. теңгеге 605 бас асыл тұқымды ірі қара мал алуға жеңілдетілген несие берілді. Аудан картоп өндірісі бойынша облыста 1-ші орында.
39,8 мың гектар егіс алқабы бар Райымбек ауданы картоп өсіру бойынша облыста бірінші орында тұр. Ауданда жалпы сыйымдылығы 5 500 тоннаны құрайтын 3 картоп сақтайтын қойма бар.