☀️
-7°C
Қонаев
Сейсенбі, Желтоқсан 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ассамблеяның мерейлі жылы: жаңа жобалар мен тың бастамалардың тоғысы

    26.11.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Ассамблеяның мерейлі жылы:  жаңа жобалар мен тың бастамалардың тоғысы
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

            Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған республикалық телекөпірдің қорытынды отырысы өтті. Елдің барлық өңірін ортақ эфирде тоғыстырған бұл кең ауқымды трансляция мерейтойлық жылдың ең ірі жобалары мен тың бастамаларын бір арнаға тоғыстырып, жаңа форматта кең көрініс тапты. Облыстық әкімдіктің мәжіліс залына жиналған ҚХА облыстық филиалының мүшелері де бейнебайланыс арқылы телекөпірге қатысып, бейнекөріністерді, өңірлік презентацияларды тамашалады.
    Телекөпірге қатысушылар отбасы құндылықтарын қолдау, жастар бастамаларын дамыту, этностар мәдениеті мен тілдерін ілгерілету, қайырымдылық жобалар, еңбек ұжымдарындағы жұмысты жандандыру, этномедиацияны дамыту және жаңа қоғамдық кеңістіктер ашу бағыттары бойынша атқарылған нәтижелерді таныстырды.
    Тікелей эфир барысында өңірлердегі ҚХА құрылымдарының жұмысына арналған деректі роликтер көрсетілді. Онда балаларға арналған жобалар, дәстүрді дәріптеу бағдарламалары, студенттерді қолдау шаралары, ұлттық ойындар кабинеттерінің ашылуы, шығармашылық және коворкинг алаңдарының жұмысы, әлеуметтік орталықтардың қызметі түсірілген фильмдер мен жарық көрген кітаптар туралы ақпарат айтылды. Тікелей қосылымдар бастамалардың өңірлерде қалай жүзеге асып жатқанын нақты уақыт режимінде көрсетуге мүмкіндік берді.
    Жастар бағыты телемостың ең әсерлі бөлігінің бірі болды. Көрермендер жас көшбасшыларды даярлау мектептерінің жұмысы, халықаралық лагерь жобалары, шығармашылық ұжымдар қызметі және Достық үйінің бірінде ашылған тәулік бойы жұмыс істейтін жаңа комьюнити-орталықтың мүмкіндіктерімен танысты. Бұл бастамалар жастардың қоғамдық идеяларды жүзеге асыруына арналған заманауи орта қалыптасып жатқанын айқын көрсетті. Телекөпірде қайырымдылыққа арналған жайттар да маңызды мазмұнмен толықты. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек, әлеуметтік мекемелерді қолдау, инклюзивті орта қалыптастыруға бағытталған жобалар таныстырылды. Сонымен қатар, өңірлер жастармен жұмыстың жаңа әдістерін, спорттық шаралардың ұйымдастырылуын және волонтерлік бастамаларды қолдау мысалдарын көрсетті.
    Қорытынды бөлімде қатысушылар алдағы міндеттер туралы ой бөлісті. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Гамзе Гейдаров:
    Жаңа жылдан бастап жұмыс тәсілдерін қайта қарап, жобаларды заманауи әрі алуан форматта жасауды жоспарлап отырмыз. Кеңес мүшелері бұл ұсыныстарды қолдады, қазірдің өзінде жаңа бағыттар әзірленуде, – деп айтып өтті.
    Келесі кезекте сөз алған белгілі қоғам қайраткері Асылы Осман мемлекеттік тілді дамытуда жастардың рөлін ерекше атап өтті. Ол өз сөзінде:
    Ассамблея мемлекеттік тілдің дамуына зор үлес қосты. Бірақ бұл жеткіліксіз. Оны ілгерілететін де, нығайтатын да – жастар. Өйткені елдің болашағын айқындайтын да солар, – деп келешек кемел білімді, көшбасшы жастармен көркейетінін тілге тиек етті.
    Телекөпір мерейтойлық жылды қорытындылап қана қоймай, алдағы бағыттарды талқылаудың алаңына айналды. Жиында жұмыс әдістерін жаңарту, жастармен өзара байланысты күшейту, білім беру және мәдени жобаларды кеңейту жөнінде ұсыныстар айтылды.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Алматы облысында 246 кәсіпорынның техникалық құрылғысы жаңартылған

    Алматы облысында 246 кәсіпорынның техникалық құрылғысы жаңартылған

    10 months ago
    Алматы облысы мен Литва арасында өзара ынтымақтастық нығаяды

    Алматы облысы мен Литва арасында өзара ынтымақтастық нығаяды

    3 years ago
    Ата дінімізде музыка харам ба?

    Ата дінімізде музыка харам ба?

    8 months ago
    Мәртебесі биік мереке

    Мәртебесі биік мереке

    2 years ago
    Алматы облысы цифрлық болашаққа сенімді қадам басып келеді

    Алматы облысы цифрлық болашаққа сенімді қадам басып келеді

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>