⛅
-4°C
Қонаев
Сейсенбі, Желтоқсан 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Дарынымен дараланды

    15.11.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Дарынымен дараланды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

        Қарасай ауданында облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған «JAS STARS» өнер байқауы өтті. Шараның басты мақсаты өнерге бейім дарынды жастарды қолдау, олардың қабілеттерін дамыту және командалық бірлікті нығайту болды.

    Өнер сайысы екі кезеңнен тұрды. Алдымен аудандарда өзара жарысқа түсіп, үздік шыққан жеңімпаздар финалға жолдама алған болатын. Қатысушылар үш бағыт – вокал, би және музыкалық аспапта ойнау бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Иә, бұл жолы да олар қаншалықты дарынды екенін көрсетті. Байқау барысында үміткерлер таланттарын танытып қана қоймай, тәжірибе алмасып, жаңа достар тапты.
    Облыстық жастар ресурстық орталы­ғының бөлім басшысы Шыңғыс Мұқашевтың айтуынша, аталған шара жастардың өнерге деген ынтасын арттыруға және шығармашылыққа шабыт беруге бағытталған.
    – Алматы облысының әр өңірінен келген 11 команда өзара бақ сынады. Өз өңірлерінде дараланған жастардың шешуші жарысқа ерекше дайындықпен келгені байқалды. Сахнаға шынайы таланттар жолдама алып, алдағы уақытта еліміздің намысын қорғайтын дарындар іріктеліп келе жатқанын аңғарғандай болдық. Қатысушылардың барлығына өнерде де, өмірде де табыс тілеймін. Еліміздің айбынын асқақтата берсін, – деді ол.
    Тартысты өткен өнер сайысында бірінші орынға Қарасай ауданының өнерпаздары лайық деп танылып, 350 000 теңге көлеміндегі сыйлықты иеленді. Ал екінші орын мен 250 000 теңгелік жүлде Қонаев қаласындағы «Өнер» мектебінің еншісіне бұйырды. Жеңімпаздардың алғашқы үштігін Балқаш ауданынан келген жастар түйіндеп, арнайы диплом мен 150 000 теңге қаржылай сыйлықты қанжығаларына байлады.
    Кеш соңында танымал эстрада жұлдыздары мен арнайы шақырылған музыкалық топ әуелете ән салып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бір айта кетерлігі, «JAS STARS» өнер байқауы жастардың шығармашылық әлеуетін қолдауға бағытталған дәстүрлі жобаға айналмақ.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    «Алтай би» – ерлік дастаны

    «Алтай би» – ерлік дастаны

    1 year ago
    Кәсіптік білімнің көкжиегі кең

    Кәсіптік білімнің көкжиегі кең

    10 months ago
    Қонаев әкімі қалалық автопарк жұмысын тексерді

    Қонаев әкімі қалалық автопарк жұмысын тексерді

    2 years ago
    Полиция жұмысы жанданады

    Полиция жұмысы жанданады

    2 years ago
    Пайдалы  бактериялар

    Пайдалы бактериялар

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>