Алатау қаласының Заречный шағын ауданында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының өкілдері «Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Іс-шара 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға дайындық аясында ұйымдастырылды.
Ашық диалог барысында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері жан-жақты түсіндірілді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, әлеуметтік кепілдіктерді сақтауға, еңбек құқықтарын нығайтуға, цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қолдауға ерекше назар аударылды.
Кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсынылып отырған өзгерістерді талқылауға мүмкіндік алды. Ұжым өкілдері мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, жоба ережелерін мазмұнды түсіндіргені үшін алғыстарын білдірді.
Халықты ақпараттандыру жұмыстары жалғасады — коалиция өкілдері алдағы уақытта да еліміздің түрлі өңірлерінде кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.




