🌫️
-0°C
Қонаев
Сенбі, Ақпан 21, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа Конституция – жаңа кезең бастауы

    20.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Жаңа Конституция – жаңа кезең бастауы
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Коалиция мүшелері Алматы облысы жұртшылығымен жүздесті. Қонаев қалалық Мәдениет үйінде Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалық етуімен «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің кездесуі өтті. Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мақсат Толықбай, Жанарбек Әшімжан, Сергей Пономарев, қоғамдық ұйым мүшелері мен аймақ белсенділері қатысты.

    Жиында Аида Балаева жаңа Конституция жобасы азаматтардың мүддесін қорғау мен елдің ұзақ­мерзімді тұрақты дамуына негізделгенін жеткізді.
    «Ең алдымен, жаңа Конституцияның преамбуласына тоқталғым келеді. Онда адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің ең жоғары басымдығы ретінде айқын белгіленіп отыр. Бұл – мемлекеттік саясаттың философиясын түбегейлі өзгертетін қағидат. Яғни мемлекет енді азамат үшін, азаматтың қадір-қасиеті үшін қызмет етуге тиіс деген ұстаным заңның өзегіне айналып отыр. Сонымен қатар бірлік пен ынтымақтастық, этносаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің берік іргетасы ретінде бекітілген. Алматы облысы секілді көпэтносты, көпконфессиялы өңір үшін бұл нормалардың маңызы айрықша. Бұл қоғамдағы татулық пен өзара сыйластықтың кездейсоқ құбылысы емес, заңмен қорғалатын ортақ құндылық екенін білдіреді», – деді ол.
    Кездесуде Мәжіліс депутаттары Сергей Пономарев, Мақсат Толықбай, Жанарбек Әшімжан сөз сөйлеп, жаңа заң жобасының өзектілігін алға тартты. «Қазақстан қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова жаңа құжаттағы отбасы құндылықтары жөнінде әңгіме қозғады. «Қазақстан халқына» ҚҚ төрағасы Ләззат Шыңғысбаева құжаттың әлеуметтік бағытын сөз етті. Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Болат Тілепов жаңа заң жобасындағы білім мен ғылымның рөлін атап өтті. Кездесу соңында қатысушылар республикалық референдумға белсенді қатысудың маңыздылығы турасында да ой өрбітті. Бұдан соң жалпыұлттық коалиция мүшелері «Шин-Лайн» ЖШС ұжымымен кездесті. Басқосуда Аида Балаева жаңа Конституция преамбуласында негізгі құндылықтар бекітілгенін, соның ішінде білім, ғылым, мәдениет және инновациялар алғаш рет конституциялық деңгейде айқындалғанын жеткізді.
    «Мемлекет білім сапасын арттыруға, ғылымды дамытуға және оны өндіріспен ұштастыруға айрықша көңіл бөліп келеді. Ғылыми прогресс нәтижесінде бүгін сіздер бөлек жағдайда еңбек етіп жатырсыздар. Өндіріс жаңартылып, өнім сапасы жетілдіріліп жатыр. Мұның бәрі – ғылым дамуының жемісі. Ал сапалы серпіліс жасау үшін бұл қағидаттарды Конституция деңгейінде бекіту қажет. Себебі Ата Заң – кейінгі заңнамалық әрі бюджеттік шешімдердің негізі», – деді вице-Премьер.
    Жиын барысында «Қазақстан қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова да сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасы жүйелі әрі терең талдау негізінде әзірленгенін атап өтті.
    Кездесу соңында «Шин-Лайн» ЖШС қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
    Жалпыұлттық коалиция мүшелері «Фирма-Бент» ЖШС зауытына да барды. Онда сөйлеген сөзінде Аида Ғалымқызы жаңа заң жобасында еңбек құқығын қорғау, өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нормалардың бекітілгенін атап өтті. Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан жаңа Конституция жобасының қоғамдық сипатына тоқталды.
    «Бұл құжат өздігінен пайда болған жоқ. Оның әзірленуіне үздік ғалымдар, заңгерлер, экономистер мен сарапшылар, тәулік бойы нормаларды талдап, салыстырған жаңа буын кәсіби мамандар қатысты. Жоба қоғамдық талқылауға шығарылып, жарияланды, медиакеңістікте және әлеуметтік желілерде кеңінен сарапқа салынды. Сондықтан, бұл құжатта азаматтардың құқықтары толықтай қорғалады», – деді депутат.

    Ұжым атынан сөз сөйлеген кәсіпорын технологы Галина Сухаребрева қандай өндірістің болсын білім мен инновациясыз дамымайтынын алға тартып, жаңа заң жобасын­да жұмысшы мамандық иелері мен орта техникалық білім мәселесінің де көрініс табуы құптарлық жайт екенін жеткізді. Содан соң жалпыұлттық коалиция өкілдері отандық зауыттың жұмысымен және өндірісте заманауи технология­лардың енгізілу барысымен танысты.
    Коалиция мүшелері Сүлеймен Демирел атындағы университет студенттерімен де жүздесті. Онда Үкімет басшы­сының орынбасары Аида Балаева жаңа Конституция жобасы жаһандық өзгерістерді ескеріп, идеялар, құзыреттер мен инновациялар шешуші рөл атқаратын білім экономика­сын дамытуға жол ашатынын атап өтті. Оның айтуынша, студенттер мен жас зерттеушілер үшін заң жобасында шығармашылық еркіндікке кепілдік пен зияткерлік меншікті қорғау нормаларының бекітілуі айрықша маңызды.
    «Конституция сөз бостандығы мен ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық еркіндікке кепілдік береді. Ең бастысы – зияткерлік меншік заңмен қорғалады. Яғни идеялар, стартап өнімдері, авторлық жобалар, зерттеулер мен шығармашылық нәтижелері конституциялық деңгейде бекітіледі. Жастар үшін бұл – еңбектерінің қорғалатынына және құндылық ретінде танылатынына деген сенім», – деді Аида Ғалымқызы.
    Кездесу барысында коалиция мүшелері азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтары жайында сөз қозғады. Ал студенттер жаңа Конституция жобасы туралы пікірлерін білдірді.
    Кездесу соңында вице-Премьер студенттермен және университет оқытушыларымен әңгімелесіп, азаматтардың референдумға қатысуы маңызды екенін жеткізді.

    Алма ЕСЕНБАЙ

    Ұсынымдар

    Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Cisco компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

    Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Cisco компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

    3 months ago
    «Жайлы мектеп» жобасына отандық жиһаз бен әрлеу материалдары сатып алынады

    «Жайлы мектеп» жобасына отандық жиһаз бен әрлеу материалдары сатып алынады

    2 years ago
    Талғар ауданында жол жөндеу қарқынды жүргізілуде

    Талғар ауданында жол жөндеу қарқынды жүргізілуде

    1 year ago
    Бақыттың биік бағасы

    Бақыттың биік бағасы

    9 months ago
    Жолдау жаңа міндет жүктейді

    Жолдау жаңа міндет жүктейді

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>