☀️
-7°C
Қонаев
Бейсенбі, Наурыз 12, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    ЕҢБЕК – БЕЙНЕТ ЕМЕС, ЗЕЙНЕТ

    12.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    ЕҢБЕК – БЕЙНЕТ ЕМЕС,  ЗЕЙНЕТ
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Түйе шаруашылығын дамыту – ауыл  шаруашылығындағы табысты кәсіптің бірі. Дана халқымызда «мал өсірсең, түйе өсір, пайдасы оның көл-көсір» деп бекер айтпаған. Өйткені, түйе сүті (шұбат) – емдік сусын, еті – дәмді тағам, жүні – бағалы шикізат. Түйелер қоршаған ортаға, шөлді жерлерге төзімді келеді. Әрі елімізде шұбат өндіру қарқынды дамып келеді.

    Еңбекшіқазақ ауданының Сарыбұлақ ауылының тұрғыны Азангүл Әлбосын мен жұбайы Жарқын Жұмағазы түйе өсіріп, шұбат сауып, оны сатып қана қоймай, одан балмұздақ  жасап, «Қазақ қызы» атты ұлттық бренд қалыптастырып келеді.

    Азангүл Әлбосын Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға 2012 жылы көшіп келген. Әуелгі тұрақтаған жері Кеген ауданының  Мыңбаев атындағы ауыл еді. Мамандығы – заңгер. Үрімші қаласында университеттің заң саласы бойынша оқып, қолына диплом алған қыз, сол жақта мамандығы бойынша жұмыс істеді.  Алайда, оның көңілі Қазақстанға – атамекенге бүйрегі бұрып, ақыры көшіп келген-ді.

    Жұмыссыз қарап жата ма, күнкөріс қамын ойлап, мал бағуға бел буады. Осы жақта тұрмысқа шығып, Жарқын Жұмағазы деген жігітпен отбасын құрады. Алғашында сауын ешкі, жылқы бағады. Кейіннен жолдасымен ақылдаса келе, түйе бағумен айналысқанды жөн көреді. Әуелі екі бас түйеден бастайды. Бара-бара сан басын көбейтіп, шұбатын сатады. Жер ыңғайына қарай Шелек өңіріндегі Сарыбұлақ ауылына көшіп келеді. Міне, содан бері де алты жылдай болыпты, түйе санын бұл күнде  80 басқа жеткізген. «Ақжарқын» атты жеке кәсіп құрады. Басшысы – жұбайы Жарқын. Алғашында қиындау болғанымен, малмен айналысып жүргендіктен болар, түйе бағудың қыр-сырын да меңгеріп алды.

    Жолдасы Жарқын түйе бағумен айналысады, өзі ойсылқараның сүтін сауып, сатады. Тәулігіне 150 литрден аса  шұбат сауылады. Жергілікті жердің тұрғындары арасында ұлттық сусынға сұраныс та жоғары. Өйткені бұл өңірде түйе бағумен айналысатындар жоқтың қасы. Құры шұбат сатумен табыс та арта қоймасын білген ерлі-зайыптылар одан балмұздақ жасап сатуды қолға алады. Ол үшін Азангүл Қытайдан арнайы курс оқып, балмұздақ жасаудың технологиясын да меңгеріп алады.

    Бүгінде Сарыбұлақ ауылынан шағын цех ашып, төрт адамды жұмысқа тартып, ісін жандандырып келеді. Елімізде алғаш рет шұбаттан балмұздақ өндіруді бастаған Азангүлдің идеясы кеңінен қолдау табу да. Онымен әңгімелескенімізде: «Бізге жергілікті басшылар да қолұшын беріп, көмектесуде. Мен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қабылдауында болдым. Жағдайымызды сұрап, 226 гектар жер бөліп берді. Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Байеділов те мерзімі бітуге таяған жеріміздің уақытын ұзартып, құжаттарымызды рәсімдетуге көмек берді. Балмұздақ жасауға жоғары электр қуаты керек болды. Оны да шешіп, жоғары кернейлі желі тартуға қолғабыс жасады. Облыс, аудан басшыларына ризамын, айтар алғысым шексіз. Қазір балмұздақтың 20-дан аса түрін өндіріп, Алматы қаласының дүкендерінде, Шелек базарында сатудамыз. Жаз айларында сұраныс көптеп түседі. Түйенің шұбатында дәрумендер көп, сондықтан да адам ағзасына тигізетін пайдасы мол. Балмұздақ та табиғи, еш химиялық қоспасыз өндіріледі.  Әсіресе, балалар ұнатып жейді» – деп, кәсібімен жан-жақты таныстырды.

     

    1 of 2
    - +

    1.

    2.

    Олардың бағымындағы түйе  – түрікмендік аруана мен екі өркешті қазақ бактриан тұқымы екен. Үкіметтен әзірге жеңілдіктер алмапты. Өткен жылы грантқа тапсырғанымен, өтпей қалыпты. Биыл тағы бағын сынап көрмекші. Өйткені кәсіпкер түйе жүнін де пайдаға асырып, қолөнер цехын ашуды жоспарлап отыр. «Өзімізден кейінгі жастарға сырмақ басу, көрпе-жастық және қолдан тоқылатын бұйымдар жасауды үйретсем деймін», – дейді Азангүл. Осылайша іскер жанның түйе жүнін де кәдеге жаратпақ ойы бар. Иә, құптарлық іс. Қолөнер цехын ашса, ауылдың біршама тұрғындарына жұмыс табылары анық.

     

    «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» – деп  ұлы Абай атамыз айтқаны мына нарық заманында дөп келді емес пе? Үкіметке қол созып, қарап жатпай, мал бағып, тер төккеннің арқасында Азангүл мен жұбайы Жарқынның абыройы асқақтап, ел ішінде құрметке бөленуде. Еңбектің бейнет емес, зейнет екенінің дәлелі  бұл.

    Анарбек БЕРБІБАЕВ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Алатау қаласында жаңа қоғамдық көлік маршруттары іске қосылды
    12.03.2026
    Коалиция өкілдері №3 орта мектеп ұжымымен жүздесті
    12.03.2026
    Президент: Арнаулы режим ел тұтастығына қауіп төндірмейді
    12.03.2026
    Тұздыбастау ауылының амбулатория ұжымында Конституциялық реформа талқыланды
    12.03.2026
    ЕҢБЕК – БЕЙНЕТ ЕМЕС, ЗЕЙНЕТ
    12.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>