Бұл туралы облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Мақсат Кенешев өңірлік коммуникациялар орталығында өткен жиында айтты. Оның сөзінше, жаңа жобалар жастардың шығармашылығын идеяларына қолдау көрсетуге, азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.
«Биыл 10-нан аса жаңа жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Аталған жобаның барлығы бұрын-соңды өңір аумағында жүзеге аспаған тың бастамалар. Негізгі мақсат – азаматтардың бос уақытын тиімді пайдалану, шығармашылығын дамыту және әлеуметтік жағдайын жақсарту», – деді орталық директоры Мақсат Кенешев.
Жобалар қатарында аудан, қала, облыс әкімінің кубогы ойындары, ауыл жастары спартакиадасы, жас отбасылар байқауын өткізу, студенттер фестивалі, мүмкіндігі шектеулі жастар арасынд байқау ұйымдастыру бар. Жобаларды жүзеге асыруға 6 млн. теңгеден астам қаражат қарастырылған.
Ресми дерек бойынша, Алматы облысында 14 пен 29 жас аралығындағы 280 мыңнан астам жас бар. Жастарға арналған бір облыстық және тоғыз аудандық жастар ресурстық орталығы жұмыс істеп тұр.
Alatau News