Алматы облысының Жамбыл ауданында 23 ақпан күні 1968 жылы туған ер адамның жоғалып кеткені туралы ақпарат түскен. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, ер адам Қаншеңгел мен Айдарлы ауылдарының арасында қой бағып жүрген кезінде жоғалған.
Құтқарушылар дереу іздеу жұмыстарына кірісіп, 24 ақпан күні таңғы сағат 8 шамасында Ашысу ауылынан 10 шақырым жерден дін аман табылды. Тұрғын ешқандай медициналық көмек қажет етпеген.
Іздестіру жұмыстарына төрт құтқарушы мен бір техника, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен техникасы және туыстары жұмылдырылды.