-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Министр сапары: Кәсіпорындарға қолдау көрсетілмек

    Алматы облысына іссапармен келген индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі кәсіпорындарды аралады. БАҚ өкілдерімен кездескен министр тұрғындарды алаңдатқан сауалдарға да жауап берді

    20.02.2023
    in Әлеумет, Саясат, Экономика
    Министр сапары: Кәсіпорындарға қолдау көрсетілмек
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Алматы облысына іссапармен келді. Министр алғашқы кезекте Талғар ауданында орналасқан “Қайрат” индустриалдық аймағына ат басын бұрды. Мұнда энергия үнемдеуші жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын екі зауыт салынып жатыр. Құрылтайшы Ресейдің “Техно зауыты”. Жобаны жүзеге асырушы “ТехноНиколь Орта Азия” ЖШС. Жоба құны 43, 8 млрд теңгені құрайды. Өткен жылдың тамыз айында басталған құрылыс жұмысы 50 пайызға орындалған. Бірінші зауыт шілде айында ашылады деп күтілуде.
    “Алматы облысының индустриялық аймақтарын басқарушы компания” ЖШС директоры Ермек Беделбеков облысымыз бойынша төрт индустриалдық аймақ бар екенін атап өтіп, оларды дамыту үшін 80 млрд. теңге қаржы қажеттігіне тоқталды.
    Бұдан соң Іле ауданының Заречное ауылына барған министр теміржолға қажетті бекіту құралдарын шығаратын “Дорпласт-инвест” ЖШС жұмысымен танысты.
    Ары қарай Қонаев қаласындағы облыстық әкімдікте болып, тұрғындармен кездесті. Жиынға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, өңір дамуына қатысты мәселелерді баяндады.
    Кездесу барысында кәсіпкерлер өз бизнестерін дамыту бойынша қандай мүмкіндіктер бар екенін сұрады. Бұл орайда Марат Кәріпжанұлы Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы тоқыма бұйымы сынды жеңіл өндіріске 3 пайыздық, одан басқа өндірістерге 9 пайыздық несие берілетінін, сонымен қатар техника мен құрал-жабдықтарды лизингке алуға болатынын тілге тиек етті.
    Журналистермен баспасөз мәслихатын өткізген министр тұрғындарды мазалап отырған басты мәселенің бірі – Қонаев қаласының аумағынан өтетін теміржол желісінің жайына тоқталды.
    – Тұрғындар қала аумағынан өтетін теміржол Қонаев қаласының сыртына шығарылса дейді. Оны шешу жолдары қарастырылуда. Қазіргі таңда Қонаев қаласының даму жоспары бекітіліп жатқаны белгілі. Ол жобаның келешегі зор. Бұл мәселені соның аясында қарастырмақпыз. Одан бөлек, Алматы қаласының айналма теміржолын құру жобасы жасалып жатыр. Бұл істі сол жобаның шеңберінде шешсек пе деген ой келді. Бірақ, оған Қонаев қаласының теміржолын қосар болсақ, жобаны жүзеге асыру кешеуілдейтін болған соң жеке жоба ретінде қарастыруды жөн көріп отырмыз. Оған жеке инвесторлар да қызығушылық танытып отыр, – деді Марат Қарабаев.
    Іссапар барысында министр Қарасай ауданында орналасқан бірқатар өндіріс ошағын аралап, ондағы негізгі мәселелерге мән берді.
    Абай ауылындағы картон, қағаз, гофроқаттама шығаратын ірі кәсіпорын – “KZ Recycling” ЖШС өндірісті ары қарай кеңейту үшін жаңа зауыт салуға қолдау көрсетуді және экологиялық мәселелерді шешіп беру туралы ұсыныс жасады.
    Жармұхамбет ауылындағы “Алматы тұрмыстық техника зауыты” да өндірісті кеңейтіп, Талғар ауданындағы “Қайрат” индустриалды аймағынан толықтай автоматтандырылған жаңа зауыт салуды жоспарлап отыр.
    – Қазіргі таңда газплита, электроплита шығарамыз. Жаңа зауыт ашылса, тоңазытқыш, темірден жасалатын үйге қажет заттар өндірмекпіз. Қазір 200-ден астам адам жұмыс істесе, жаңа зауытта 1200 адам еңбек етпек. Осы орайда министрден жаңа жобамызға қолдау көрсетуді сұрадық, – деді зауыт директоры Абдулқасым Сойырқас.
    Өз кезегінде Марат Кәріпжанұлы бизнесті кеңейтуді мақсат тұтқан кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтып, іссапарға келу мақсаты да кәсіпорындардың жұмысын көзбен көріп, нақты көмек көрсету екенін жеткізді.

    Алма Есенбай
    Алматы облысы

    Ұсынымдар

    Алтын тұғырда ана тіліміз тұрсын!

    Алтын тұғырда ана тіліміз тұрсын!

    1 year ago
    МЕЙІРІМ СЫЙЛАҒАН МЕРЕКЕ

    МЕЙІРІМ СЫЙЛАҒАН МЕРЕКЕ

    3 months ago
    Жемқорлық дерегі азаймай тұр

    Жемқорлық дерегі азаймай тұр

    1 year ago
    Жүзге таяған соғыс ардагері дауыс берген күн

    Жүзге таяған соғыс ардагері дауыс берген күн

    2 years ago
    Ауыл дәмі – қала төрінде!

    Ауыл дәмі – қала төрінде!

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.