Бүгін парламент мәжілісінің кезектен тыс сайлауы аясында саяси партиялар арасында пікірсайыс өтеді. Саяси шара Qazaqstan ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде болады.
Сайлауалды пікірсайысқа «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау, Қазақстан Халық партиясының орынбасары Асхат Асылбеков, «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Берік Дүйсенбинов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбаев қатысады. Партия өкілдерінің пікірсайысы төрт кезеңнен тұрады.
Тікелей эфир сағат 20:30-да басталады. Пікірсайыс телеарнаның Facebook-тегі парақшасы, YouTube және Telegram-дағы арналары арқылы трансляцияланады.
Қазақстан парламенті мәжілісі мен мәслихаттар депуттарын сайлау 19 наурызда өтеді.