-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Әкім: Жерді пайдалануда салық салудың жаңа режимін енгізу қажет

    03.03.2023
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Өңір тынысы, Саясат, Үкімет, Экономика
    Әкім: Жерді пайдалануда салық салудың жаңа режимін енгізу қажет
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Қонаев қаласында бүгін облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде салық төлеушілер қауымдастығының конференциясы өтті. Шарада салық тақырыбы тереңнен талқыланып, заң аясындағы өзгерістер жайы тарқатылды.

    Конференцияға қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, Жоғарғы соттың мүшелері, мемлекеттік кірістер комитетінің басшылары, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері, облыстық сот судьялары, мемлекеттік органдар мен салық төлеушілер қатысты.

    Жиында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев өңір экономикасының дамуын баяндап, мәліметтер келтірді. Өткен жылы мемлекеттік бюджетке түсім 780 млрд. теңгені құраса, жергілікті бюджет қоржыны 396 млрд. теңгеге толыққан. Бұл көрсеткіш өңір өркендеуінің оң бағытта екенін аңғартады. Алматы облысы соя, жүгері, көкөніс, картоп, ет, жұмыртқа және жүн өндіру бойынша ішкі нарықта жетекші орын алады. Аймақ басшысы жалпы өңірлік өнімнің 3,5 пайызға өсуін қамтамасыз етуді тілге тиек етіп, биылғы жылы да тұрақты экономикалық өсімді сақтау жоспарын жеткізді.

    “Облыс тұрғындарына қолайлы жағдай жасау және инвесторлар үшін инвестициялық тартымдылықты арттыру мақсатында облыста шетелдік және жергілікті инвесторларды тарта отырып газдандыру, сумен қамтамасыз ету және суару жүйелерін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – деген әкім, баса назар аудару қажет бірқатар мәселеге тоқталды.

    Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше, салық заңнамасының нормаларын қаржы органдарының, салық төлеушілердің және сот органдарының бірдей қолданғаны маңызды. Атап айтқанда, өнім экспорттаушы кәсіпорындарға қосымша құн салығын (ҚҚС) қайтару маңызды. “Мысалы, “Маревен фуд” компаниясы экспорттаушыларға қосымша құн салығынан асып кеткен 5,7 млрд теңгені қайтаруы керек”, – деді облыс әкімі.

    Осы орайда Марат Елеусізұлы жерді пайдаланудың тиімділігін арттыратын салық салу режимін әзірлеуді ұсынды. Оның сөзінше, бұл режим облыс экономикасын дамытуға оң ықпал етеді.

    “Қазіргі таңда облыста ауылшаруашылығы жерлерінің белгіленген мақсатта пайдаланылмай немесе мүлдем пайдаланылмай отырғаны туралы деректер бар. Мұндай заң бұзғандарға 20 еселенген салық салынады”, – деді Марат Сұлтанғазиев.

    Сөз соңында облыс орталығы Қонаев қаласының келешектегі даму жоспары, арнайы бейнеролик көрсетілді.

    Қонаев қаласы,
    Құралбек Сәбитов

    Tags: ауылшаруашылығыжероблыс әкімісалық

    Ұсынымдар

    ЖОЛШЫ БОЛУҒА ЖОЛ АШЫҚ

    ЖОЛШЫ БОЛУҒА ЖОЛ АШЫҚ

    3 months ago
    Қонаевта “Мың бояулы аспан” әуе шарлары фестивалі өтіп жатыр

    Қонаевта “Мың бояулы аспан” әуе шарлары фестивалі өтіп жатыр

    2 years ago
    Қарасай ауданында референдум күні өнерлі жастар шаңырақ көтерді

    Қарасай ауданында референдум күні өнерлі жастар шаңырақ көтерді

    9 months ago
    Төлем тексерілуде

    Төлем тексерілуде

    10 months ago
    Үздік жастар марапатталды

    Үздік жастар марапатталды

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>