Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қайыржан Жақсымбетовті Алматы облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы етіп тағайындады.
Қайыржан Серікбайұлы 1975 жылы туған, жоғары білімді. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс», 2004 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1997 жылы «Жамбылагропромстрой» акционерлік қоғамының құрылыс учаскесінің мастеры болып бастаған.
Әр жылдары «Рахат инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бақылаушысы, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық және құрылыс бөлімінің маманы болып қызмет істеген. Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінде, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары, Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.
Кейін су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары болып қызмет істеді.