Алматы облысының шағын және орта кәсіп иелері былтыр Қаңтар оқиғасы кезіндегі тәртіпсіздіктерден шеккен материалдық залал үшін 100 миллион теңге көлемінде өтемақы алды. Бұл туралы Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті хабарлады. Облыс кәсіпкерлері оған дейін өтемақыларын ала алмай, әкімшілік кедергілерге тап болғанын айтып, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына шағымданған.
Осының аясында кәсіпкерлер шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік залалды анықтау жөніндегі өңірлік комиссияға жүгініп, нәтижесінде кәсіпкерлерге шығыны толық өтелді.