-13 °c
Qonaev
Saturday, July 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында үшемдер перзентханадан шықты

    15.03.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Демография, Денсаулық
    Алматы облысында үшемдер перзентханадан шықты

    Үшем дүниеге әкелген ана Ақмарал Айдар. Фото: Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы

    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Бүгін Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасында 22 ақпан күні дүниеге келген үшемдер үйіне шықты. Бұл туралы Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Аталған перзентханада екі ұл бір қызды өмірге әкелген 29 жастағы Ақмарал Айдар көпбалалы ана атанды. Үшемдердің үлкені Қаракөз 2460 гр, Садық 2100гр, Сыдық 1820 гр салмақпен туған.

    Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасы директорының ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары Индира Кабаеваның айтуынша, үшемнің анасы жүктілік кезінде қатаң бақылауда болды.

    – Үшемдерді анасы жүктіліктің 36 аптасында босанды. Жалпы үшемдерді бірден босану ана мен бала денсаулығы үшін қауіпті. Сондықтан қатаң бақылауда ұстадық. Балалар кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Қазір үшемдердің де, анасының да жағдайы бірқалыпты, – деді Индира Кабаева.

    Көпбалалы ана атанған Ақмарал Айдар дәрігерлерге алғысын білдірді.

    – Аурухана қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Дәрігерлердің біліктілігінің арқасында үшемдерді аман-есен босандым. Біз үшін үшемдердің өмірге келуі үлкен қуаныш, – деді Ақмарал Айдар.

    Сонымен қатар Индира Кабаева үшемдерге тиісті медициналық көмек көрсетілетінін де айтты.

    – Қарасай ауданында 2023 жылы өмірге келген алғашқы үшемдердің күтіміне тұрғылықты жерінде орта медицина қызметкерлері көмек көрсетеді. Учаскелік дәрігер балалардың денсаулығын бақылауда ұстайды, балаларға арналған тамақпен қамтамасыз етеміз, – деді ол.

    Ақмарал Айдар үшемдерден өзге үш баланың анасы. Балалардың үлкені 8 жаста.
    Айта кетейік, Қарасай ауданында былтыр 2 үшем дүниеге келген болатын.

    Tags: ана мен баладенсаулық сақтауүшем

    Ұсынымдар

    Облыс әскерилері су басқан өңірден оралды

    Облыс әскерилері су басқан өңірден оралды

    1 year ago
    Ұйғыр ауданында спорт кешені ашылды

    Спорт – тәрбие мектебі

    11 months ago
    Қысқы туризмді қайтсек дамытамыз?

    Қысқы туризмді қайтсек дамытамыз?

    5 months ago
    Алматы облысында білім бөлімінің басшысы тергеліп жатыр

    Алматы облысында білім бөлімінің басшысы тергеліп жатыр

    1 year ago
    Он жетіде от кешкен

    Он жетіде от кешкен

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>