Алматы облысында 18 наурыз күні «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде тазалық сенбілігі өтеді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен 2019 жылы бастау алған экологиялық акция осымен бесінші рет өткізілмек.
Облыс аумағында таңертең сағат 9-да басталатын сенбілік аясында тазалық шараларынан бөлек ағаш отырғызу жоспарланып отыр.
Экологиялық ация, жылдан-жылға кұлашын кеңге жайып, қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға, экологиялық мәдениеттің дамуына, болашақ ұрпақты тәрбиелеуге елеулі серпін беріп келеді.