Алматы облысының білім басқармасы және «Жас дарын» облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылығын ұлықтаған, Абай ілімінен нәр алған жастар – ел дамуының қозғаушы күші» деген тақырыпта ғылыми – практикалық семинар өтті.
Ғылыми-практикалық семинар оқушылар бойында ұлттық құндылықты Абай ілімін негізге ала отырып дарыту, оқушылардың шығармашылығы мен дарындылығын дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Шара барысында республикадағы іргелі оқу орны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығы мен Абай атындағы мамандандырылған гимназия-интернаты ғылыми-зертханалық, әдістемелік, тәжірибелік, әріптестік, шығармашылық байланыстарды нығайту мақсатында бірлескен меморандумға қол қойды.
Жиын соңында «Қарагөз» драма үйірмесінің жас өнерпаздары «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артында сөз қалдырған!» сахналық қойылымын ел назарына ұсынды.
Сондай-ақ, ғылыми практикалық-семинарға қатысушылар облыстық білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.