-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Алматы облысында тексеруден соң газ бағасы арзандады

    17.03.2023
    in Ауыл тынысы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Экономика
    Алматы облысында тексеруден соң газ бағасы арзандады

    Фото: Алау-ТВ

    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Алматы облысының прокуратурасы Шамалған, Жандосов, Шалқар, Еңбекші, Үштерек, Құмарал, МТФ Тұрар ауылдары мен Арай, Аянат, Дархан, Баркөл бау-бақша қоғамдары тұрғындарына газ бағасы арзандағанын хабарлады.
    Прокуратураның мәліметінше, жыл басынан бері аталған елді мекендердің тұрғындары өздері тұтынатын газ бағасы қымбат екенін айтып шағымданған. Осыдан кейін аудан прокуратурасы тариф белгілеуге қатысты талдау жүргізген. Аталған елді мекендерге «Сигма-ГАЗ» ЖШС қызмет көрсетеді.
    Тексеру нәтижесінде Алматы облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің монополияға қарсы заңды бұзғаны анықталған. Атап айтқанда, департамент облыс прокуратурасының 2021 жылы 12 қарашада шығарған департамент басшысының табиғи ғаздың 1 текше метрі үшін 37,5 теңге тариф қою және тарифтің ұлғаюы фактісі бойынша бағаға сараптама жүргізу туралы қадағалау актісін бұзған.
    Қадағалау актісін қарастырған соң облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті 10 наурызда «Сигма-ГАЗ» ЖШС тарифін бекіткен. Енді 1 сәуірден бастап жоғарыда аталған елді мекендердің тұрғындары 1 текше метр газ үшін қосымша құн салығын қоса есептегенде 28,95 теңге төлейді.
    Прокуратура мәліметінше, газ бағасы төмендетілген ауылдар мен бау-бақша қоғамдарында 10 мыңға жуық тұтынушы бар.
    Газ таратумен айналысатын «Сигма-ГАЗ» фирмасы әкімшілік жауапқа тартылып, 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

    Tags: газ бағасысигма газтариф

    Ұсынымдар

    ОРТАҚ ТАРИХ

    ОРТАҚ ТАРИХ

    2 months ago
    Жеңісті жақындатқан

    Жеңісті жақындатқан

    1 year ago
    Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы ЖИ қолданады

    Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы ЖИ қолданады

    1 month ago
    Ерлікке тағзым

    Ерлікке тағзым

    2 months ago
    Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде

    Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.