19 наурызға тағайындалған Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарды кезектен сайлауда Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласындағы №949 учаскеде дауыс беріп, өз таңдауын жасады.
– Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Жаңа өмірдің басталуының көрінісі болып келетін жыл басында аралас жүйемен өтіп жатқан сайлауға сайлаушыларыдың белсенді қатысып жатқанына куә болып тұрмыз. Бұл да әділетті Қазақстанның бір көрінісі екені даусыз. Бүгін Мемлекетіміздің жарқын болашағын айқындайтын ерекше күн. Еліміздің ертеңі үшін бұл саяси додада әрбір азаматтың дауысы маңызды. Жерлестерімді өз азаматтық борышын орындадап, таңдау жасауға шақырамын. Үміткерлер арасында бұрын сайлауға түспеген және жастардың үлес салмағы басым екені көрініп тұр. Бұл жаңа буын қалыптасына себеп болады, сайлаудан кейін саяси партиялардың да белсенділігі артады деп ойлаймын, – деді облыс басшысы Марат Елеусізұлы.
Алматы облысында азаматтардың дауыс беруі үшін 629 сайлау учаскесі ашылған.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ