Елімізде өтіп жатқан әр деңгейлі депутаттарды сайлауға Талғар ауданы тұрғындарының да аса зор ықылас танытып отырғанын аңғару қиын емес. Таңғы сағат 7.00-де есігін айқара ашқан дауыс беру учаскелеріндегі сайлаушылар қатары уақыт өткен сайын көбейіп келеді.
– Халқымыздың келешектен күтер үміті зор. Саяси-экономикалық, әлеуметтік салада оң өзгеріс болғанын қалайды. Сол себепті, Президенттің берген тапсырмасына сәйкес, ашық та әділ сайлау өткізіліп жатыр. Сайлауға деген тұрғындардың көзқарасы мен жауапкершілігі де беки түскен. Халықтың көңіл-күйі өте жақсы, сайлау учаскесіндегі дайындықтың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көруге болады, – дейді Талғар қаласындағы №832 сайлау учаскесінде дауыс берген Талғар ауданының Құрметті азаматы Жұмахан Еңкебаев.
Алматы облысында азаматтарға сайлауда дауыс беру үшін 629 сайлау учаскесі ұйымдастырылған. Бүгін облыс аумағында халықтың еркін жүріп-тұруы үшін қоғамдық көлік халықты тегін тасымалдайды.
Ұлбосын ИСАБЕК
Талғар ауданы