Алматы облысының шалғай аудандарының бірі Кеген ауданында еңкейген кәріден жасы 18-ге толып, оң-солын енді тани бастаған жас сайлаушыға дейін дауыс беріп жатыр. Бүгін таңертең ауданның Бөлексаз ауылында ең қарт сайлаушы Бұршақбай Белеков пен ең жас сайлаушы Айбар Тобажан дауыс берді.
Бұған дейін аудан орталығы Кеген ауылындағы №558 сайлау учаскесінде алғаш болып аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Райымбек, Кеген аудандарының Құрметті азаматы Сабыр Досымбеков дауыс берген.
19 наурызда Қазақстан азаматтары Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауға дауыс беріп жатыр. Алматы облысында дауыс беру үшін 629 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр.