Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ;2yt елорданың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 19 наурызда сағат 18.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 53,11 пайызы бюллетеньдер алды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) хабарлады.
Өңірлер бойынша сайлаушылардың дауыс беру көрсеткіші төмендегідей:
1. Абай облысы бойынша – 56,14%
2. Ақмола облысы бойынша – 59,49%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 56,88%
4. Алматы облысы бойынша – 59,74%
5. Атырау облысы бойынша – 49,19%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 58,81%
7. Жамбыл облысы бойынша – 65,00%
8. Жетісу облысы бойынша – 55,07%
9. Қарағанды облысы бойынша – 58,85%
10. Қостанай облысы бойынша – 65,00%
11. Қызылорда облысы бойынша – 65,70%
12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,04%
13. Павлодар облысы бойынша – 58,61%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 64,46%
15. Түркістан облысы бойынша – 51,07%
16. Ұлытау облысы бойынша – 58,63%
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 63,63%
18. Астана қаласы бойынша – 40,94%
19. Алматы қаласы бойынша – 22,95%
20. Шымкент қаласы бойынша – 43,89%
Келесі жедел ақпарат сағат 20:10-да жарияланады.
Қазақстанда бүгін Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлау өтіп жатыр.