Қазақстандағы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауда сайлаушылардың 30,65 пайызы бюллетень алды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мүшесі Сабила Мұтафина хабарлады.
Облыстық, қалалық, республикалық маңызы бар және Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәлімет бойынша, сағат 12:00 дейін өңірлерде сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі төмендегідей:
1. Абай облысы – 33,58 %;
2. Ақмола облысы – 33,63%;
3. Ақтөбе облысы – 33,18 %;
4. Алматы облысы – 34,41%;
5. Атырау облысы – 30,66%;
6. Батыс Қазақстан облысы – 33,61%;
7. Жамбыл облысы – 35,82%;
8. Жетісу облысы – 33,15%;
9. Қарағанды облысы – 34,19%;
10. Қостанай облысы – 37,39%;
11. Қызылорда облысы – 32,78%;
12. Маңғыстау облысы – 32,43%;
13. Павлодар облысы – 34,26%;
14. Солтүстік Қазақстан облысы – 32,81%;
15. Түркістан облысы – 38,29%;
16. Ұлытау облысы – 34,61%;
17. Шығыс Қазақстан облысы – 34,16%;
18. Астана қаласы – 23,35%;
19. Алматы қаласы – 11,25%;
20. Шымкент қаласы – 19,6%.
«Ең белсенді сайлаушылар Түркістан, Қостанай мен Жамбыл облыстарында. Сағат 12-ге дейін сайлаушылардың 30,65 пайызы немесе 3 687608 азамат бюллетень алды» деді Мұстафина.
Қазіргі уақытта 10164 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр. Олардың 18-і 17 елдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жанында орналасқан.