Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне барып, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауда дауыс берді.
Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметі бойынша, сағат 12:00 дейін сайлаушылардың 30,65 пайызы, оның ішінде Алматы облысында 34,41 пайызы дауыс беріп үлгерді.