Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлауға Конаев гарнизоны әскери бөлімдерінің 5 мыңнан астам әскери қызметкері дауыс берді.
Офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелерінде дауыс беруге қатысты. Бір мезгілде бірнеше әскери бөлімдердің мерзімді әскери қызметшілері үшін десанттық-шабуылдаушы бригаданың аумағында сайлау учаскесі ұйымдастырылған.
Әскерилер арасында бірінші рет дауыс бергендер де болды.Солардың бірі, қатардағы жауынгер Данил Иваницкий сайлаудан алған әсерін бөлісті.
– Биыл Парламент сайлауына алғаш рет қатыстым. Мен мақтанышпен дауысымды қуатты, тұрақты, гүлденген ел үшін, болашаққа сенім үшін бердім. Бүгін сайланған депутаттар мемлекетіміздің одан әрі дамып, өркендеуіне лайықты үлес қосатынына сенімдімін, – деді Иваницкий.
Алматы облысында сайлаушылар дауыс беру үшін 629 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр.