Саяси науқаннан қариялар да шет қалмады. Солардың бірі 91 жастағы кейуана Рабиға Молдақарозова. Ол Райымбек ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округінің тұрғыны. Ақ жаулықты әже өзі тіркелген сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
– Бүгін еліміз үшін аса маңызды күн. Бұл сәттен мен де қалыс қалмауды ұйғардым. Болашаққа бәріміз жауаптымыз. Мен ұрпағымның келешегі үшін дауыс бердім. Заманымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын,- деп ағынан жарылды Рабиға Молдакарзова.
Рабиға әжей бұл сайлауда дауыс берген алғашқы қарт емес. Бұған дейін Қонаев қаласында 104-ке келген әжей, Еңбекшіқазақ ауданында жүзге таяған соғыс ардагері таңдауын білдіріп, саяси доданың салмағын арттырғаны туралы жазғанбыз.
Алатау Ақпарат