Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының перзентханасынан ақжолтай жаңалық жетті. Дәл бүгінгі саяси науқанмен қатар келген қуанышты жайт таңертеңмен өз таңдауын жасаған аналардың шаттығын айшықтай түсті. Таңертең ғана сайлау учаскесінде қалаған кандидатқа дауыс беріп үлгерген келіншектер аздаған сәттерден соң-ақ сәбилі болды. Қазіргі уақытта пейілді күнде перзенхтана балаларының саны артып, Баймұхамед, Сафия, Әмина есімді үш шақалақ өмір есігін ашты. Біз Әмина бүлдіршіннің анасы Жансая Дүйсенбекті құттықтап, әңгімеге тарттық. Қонаевтық Жансая Дүйсенбек өз сөзінде:
– Ерекше күні өмір есігін ашқан балапаным халықтың қалаулысы болсын деп тілеймін. Қуанышым шексіз. Ақ халатты абзал жандарға, перзентхана ұжымына айтар алғысым көп. Бүгін, елімізде өтіп жатқан сайлау ойдағыдай аяқталып, Қонаев қаласының болашағы жарқын болсын, – деген ақ тілегімен бөлісті нәрестесін дүниеге алып келген ана.
Ниетті күні дүниеге келген сәбидің салмағы 3308 грамм, ал бойы 53 см. Дәрігерлердің айтуынша, бөпелердің денсаулығында еш кінәрат жоқ, барлығы биік бедерде болған. Қуанышы қойнына сыймаған қонаевтық аналарды құттықтап, сайлау күні өмірге сәтті келген балапандардың өмір жасы ұзақ болсын дедік. Айта кетерлігі, аталмыш перзентханада күн соңына дейін тағы бірнеше ана сәби күтіп отыр.
Құралбек СӘБИТОВ