2023 жылғы 19 наурызда Алматы облыстық мәслихатының бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын депутаттарының сайлауы болып өтті.
Сайлаушылардың тізіміне енгізілген 966 304 азаматтың 579 473-і дауыс берді, олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 117 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 2349 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға барлығы 58 кандидат түсті.
Алматы облыстық мәслихаттың бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша депутаттарын сайлаудың қорытындысы бойынша келесі азаматтар сайланды:
№ 1 сайлау округі бойынша – Кусаинов Ерболат Мусилимханович, 1973 жылы туған, «Қожай» ШҚ төрағасы, Балқаш ауданы Бірлік ауылының тұрғыны;
№ 2 сайлау округі бойынша – Горяной Сергей Владимирович, 1989 жылы туған, «АМФ 1- Имстальком» ЖШС атқарушы директоры, Қонаев қаласының тұрғыны;
№ 3 сайлау округі бойынша – Ерубаева Гульжан Жубаевна, 1970 жылы туған, №24 лицей директоры, Іле ауданы, Боралдай ауылының тұрғыны;
№ 4 сайлау округі бойынша – Орынбасаров Нұрсұлтан Жұмабайұлы, 1993 жылы туған, «Sagadat Batyr» спорт клубының негізін қалаушы, жаттықтырушысы, Іле ауданы М. Түймебаев ауылының тұрғыны;
№ 5 сайлау округі бойынша – Асылов Абай Ногаевич, 1968 жылы туған, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы, Іле ауданы Өтеген батыр кентінің тұрғыны;
№ 6 сайлау округі бойынша – Үшкемпіров Елдос Жақсылықұлы, 1978 жылы туған, «Жақсылық» ШҚ төрағасы, Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылының тұрғыны;
№ 7 сайлау округі бойынша – Молдашева Меруерт Сагындыковна, 1980 жылы туған, «A. Rich» ЖШС директоры, Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының тұрғыны;
№ 8 сайлау округі бойынша – Бигельдиев Махаббат Садвакасович,1961 жылы туған, «Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры, Қарасай ауданы Қаскелен қаласының тұрғыны;
№ 9 сайлау округі бойынша – Бектасов Женис Амангелдиевич, 1962 жылы туған, «Ж-Каскелен» ЖШС-нің директоры, Қарасай ауданы Бекболат ауылының тұрғыны;
№ 10 сайлау округі бойынша – Адильханов Серикхан Саметович, 1963 жылы туған, «Айкөл» ЖШС құрылтайшысы, Қарасай ауданы Улан ауылының, тұрғыны;
№ 11 сайлау округі бойынша – Жазыкпаева Жанна Тастемировна, 1966 жылы туған, «Баян Ауыл-Моторс» ЖШС директоры, Қарасай ауданы Абай ауылының тұрғыны;
№ 12 сайлау округі бойынша – Тусибиянова Гульжан Нурбековна, 1985 жылы туған, «Art sport edu RK» ОИПФ төрағасының орынбасары, Талғар ауданы Талғар қаласының тұрғыны;
№ 13 сайлау округі бойынша – Сембаев Амангельды Тлеубердинович, 1969 жылы туған, «Тас Агросервис» ЖШС құрылтайшысы, Талғар ауданы Талғар қаласының тұрғыны;
№ 14 сайлау округі бойынша – Нурдаулетов Султан Нургаипович, 1963 жылы туған, жеке кәсіпкер, Талғар ауданы Төнкеріс ауылының тұрғыны;
№ 15 сайлау округі бойынша – Абитов Ерик Азильжанович, 1979 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының тұрғыны;
№ 16 сайлау округі бойынша – Кураметова Гульнара Съездбековна, 1964 жылы туған, Еңбекшіқазақ аудандық «№1 ауруханасы Шелек ауылы» КММ бас дәрігері, Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының тұрғыны;
№ 17 сайлау округі бойынша – Ақберген Қияс Жапарбекұлы, 1965 жылы туған, «Киікбай Строй Сервис» ЖШС-ның бас директоры, Еңбекшіқазақ ауданы Байдібек би ауылының тұрғыны;
№ 18 сайлау округі бойынша – Алиев Нурбол Маджитович, 1963 жылы туған, Нарынқол орман шаруашылығы КММ директоры, Райымбек ауданы Нарынқол ауылының тұрғыны;
№ 19 сайлау округі бойынша – Илахунов Абдуманап Аблахаевич, 1969 жылы туған, «Ұйғыр ауданының Су құбыры» ҚМУ директоры, Ұйғыр ауданы Шонжы ауылының тұрғыны сайланды.
Сайлауға 6 саяси партия қатысты.
Саяси партиялар төмендегідей дауыс жинады:
«Amanat» партиясы – 403 950 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 71,28%;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 78 726 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 13,89%;
«Respublica» партиясы – 10 038 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,77%;
Қазақстан Халық партиясы – 12 583 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 2,22%;
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 9662 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,70%;
«Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы – 19511 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 3,44%;
«Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлау бюллетеньдер саны – 32 270.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының бес және одан көп пайызын алған «Аманат» партиясына 16, «Ауыл» Халықық-демократиялық патриоттық партиясына 3 депутаттық мандат бөлінді.
Ал сайлауға түскен өзге партиялар – «Respublica» партиясы, Қазақстан Халық партиясы, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы, «Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына мәслихаттан орын тимеді.