Қонаев қаласында бүгін құқық қорғау және атқарушы органдардың өзара іс-қимылын үйлестіруге, күштер мен құралдардың дайындығын тексеру мақсатында жаттығу өтіп жатыр.
Алматы облысының полиция департаменті осыған байланысты тұрғындарды сабыр сақтауға шақырып, оқу-жаттығуға қатысатын құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністік танытуды сұрайды.