Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сегізінші сайланған Парламенттің алғашқы сессиясын шақыру туралы қаулы қабылдады.
Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, алғашқы сессия 29 наурыз күні сағат 10-да басталады.
Парламент Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау 19 наурызда өтіп, оның қорытындысы бойынша алты саяси партия өкілдеріне 69 депутаттық мандат тиді. Бұдан өзге, бір мандатты округтер бойынша 29 депутат сайланды.