Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) Парламент Мәжілісіне өткен депутаттардың тізімін таныстырды.
19 наурызда өткен сайлауда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 5,20 пайыз (331 058 адам) дауыс жинаған. Осының нәтижесінде бұл партияға 4 мандат тиді.
Партияның саяси кеңесінің шешімі бойынша тізімге мына адамдар енді:
• Нұрлан Әуесбаев;
• Асхат Рахымжанов;
• Ажар Сағандықова;
• Наурыз Сайлаубай.
«ЖСДП-ның партиялық тізімі 19 кандидаттан тұрғанын атап өтеміз. Олардың бәрі кандидаттарға қатысты Қазақстан заңнамасы талаптарына сай келеді», – делінген партияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.