Алматы облыстық мәслихатының алғашқы сессиясында сөйлеген облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдегі өзекті мәселелерге тоқталды.
Облыстағы үшауысымды мектеп, емханалардың жетіспеуі сияқты мәселелерді қозғаған әкім облыстағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жай-күйін де баяндады.
-Электрмен жабдықтау желілерінің 70 пайызы, сумен жабдықтау желілерінің 58 пайызы, кәріздің 65 пайызы, жылумен жабдықтау жүйелерінің 42 пайызы тозған. Қонаев қаласының кәріз-тазарту құрылыстары 100%-ға тозған. Сонымен қатар, 700 мың тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдықтар жинақталған, оның ішінде Алматы қаласынан 450 мың тонна қалдық жиналады, алайда қайта өңделмейді. Күн сайын 500 мыңға дейін адам Алматыға қатынайды, бұл Алматы қаласының инженерлік-коммуникациялық және әлеуметтік инфрақұрылымына үлкен жүктеме түсіреді, – деді Марат Сұлтанғазиев.
Алма ЕСЕНБАЙ