Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов өз қызметіне қайта тағайындалды. Мәжіліс депутаттары Премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын қолдап дауыс берді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Смайыловтың кандидатурасын Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов ұсынған.
Тоқаев Қошановтың ұсынысын қолдап, Смайыловтың кандидатурасын Мәжіліс депутаттарының талқылауына шығарған. Жалпы отырысқа қатысқан 97 депутаттың 82-сі Әлихан Смайыловтың кандидатурасын қолдап дауыс берді. 7 депутат қарсы шығып, 8 депутат қалыс қалды.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында Премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен «Amanat» партиясы ұсынатынын айтқан.
Әлихан Смайылов Премьер-министр болып 2022 жылы 11 қаңтарда – Қаңтар оқиғасынан кейін тағайындалған.
Әлихан Смайылов бұған дейін Қазақстан Статистика агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қаржы министрі қызметтерін атқарған.