-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

    07.03.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Демография, Мәдениет, Өңір тынысы
    Алматы облысының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

    Асылан Қажеке

    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бүгін қоғамның әр саласында қызмет атқарып жүрген және көп бала тәрбиелеп отырған әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебізін арнады.

    – «Әйелдердің қоғамдағы рөлін кеңейте түсу – мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі» деп президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, нәзік жандарға қолдау көрсету, қамқорлық таныту ісі қашанда жалғасын таба береді. Өскелең ұрпаққа өнегелі тәлім-тәрбие беру ісінде әйелдер айрықша рөл атқарады. Сондай-ақ, экономикадағы, саясат пен қоғамдық қызметтегі үлес салмағы мен рөлі жыл өткен сайын артып келеді. Бір сөзбен айтқанда, аналардың еңбегі барлық құрметке лайық. Баршаңызды көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! – деді облыс әкімі.

    Елімізде қыз-келіншектер білім беру мен денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметте және басқа да салаларда табысты еңбек етіп жүр.

    Өңір басшысының сөзіне сүйенсек, Алматы облысында мемлекеттік органдар мен ірі компанияларда басшылық қызмет атқаратын немесе бизнес саласында кәсібін өркендетіп жүрген әйелдер аз емес. Мәселен, мемлекеттік қызметте еңбек ететін қыз-келіншектердің үлесі – 53 пайыз, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласында 68, білім беру саласында 71 және мәдениет саласында 47 пайызды құрайды. Олар аймақтың өсіп-өркендеуі мен тұрақты дамуы жолында өз қолтаңбаларын қалдырып келеді.

    Қызметте үздік нәтиже көрсеткен арулар қауымы, ошағының отын өшірмей, ұрпақ тәрбиесіне де баса мән беріп, елдің демографиялық өсіміне үлес қосып жүр.

    Айтулы шарада аймақ басшысы көп бала тәрбиелеп отырған ақ жаулықты аналарға ерекше алғысын білдіріп, «Алтын» және «Күміс» алқаны табыстады.

    Мерекелік басқосуда арулар қауымы ерекше көңіл-күй сыйлаған облыс басшысына алғысын білдіріп, алдағы уақытта ел игілігі жолындағы істерін жалғастыратынын айтты.
    Шараның соңы шағын мерекелік концертке ұласты.

    Tags: 8 наурызалтын алқаәйелдер мерекесікүміс алқа

    Ұсынымдар

    Қазақстан—Ресей ынтымақтастығының тарихы бай және болашағы жарқын — Президент

    Қазақстан—Ресей ынтымақтастығының тарихы бай және болашағы жарқын — Президент

    2 years ago
    Ғұламаның ғұмырын бейнелеген

    Ғұламаның ғұмырын бейнелеген

    11 months ago
    ТАЛҒАР ТРАГЕДИЯСЫ: ОҚИҒАНЫҢ ТҮП-ТӨРКІНІ НЕДЕ?

    Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бес бап бойынша тергеліп жатыр

    7 months ago
    Ақша қолдың кірі емес!

    Ақша қолдың кірі емес!

    2 years ago
    Мемлекет басшысы Құрбан айт мерекесімен құттықтады

    Мемлекет басшысы Құрбан айт мерекесімен құттықтады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>