-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Құқық-заң

    Прокуратура сайлауалды тыныштық күніндегі заң талаптарын айтты

    17.03.2023
    in Құқық-заң
    Прокуратура сайлауалды тыныштық күніндегі заң талаптарын айтты

    Бас прокуратураның орынбасары Жандос Өмірәлиев. Фото: gov.kz

    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Қазақстан Бас прокуратурасы Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау алдындағы тыныштық күні және дауыс беру күнгі заң талаптарын еске салды.

    Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Орталық сайлау комиссиясының отырысында бүгін сағат 00:00-де сайлауалды үгіт жұмыстары кезеңі аяқталатынын еске салды. «Ертең, 18 наурызда және дауыс беру күні – 19 наурызда кез келген үгіт жүргізуге тыйым салынады («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 32-бабы). Сонымен қатар 14 наурыздан бастап БАҚ-та сауалнама нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға, кандидаттарды қолдауға дауыс беруге байланысты өзге зерттеулерді жариялауға да жол берілмейді. Яғни сауалнаманы дауыс беруге арналған үй-жайда немесе бекетте жүргізуге болмайды («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағы)», – деді Жандос Өмірәлиев.

    Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде хабардар еткен заңды тұлғалар ғана сайлау учаскелерінен шыға берісте сауалнама жүргізе алады.

    «Аталған сауалнамалардың нәтижелерін БАҚ-да дауыс беру күнінен кейін, яғни 2023 жылғы 20 наурыз сағат 00:00-ден бастап жариялауға рұқсат етіледі. Конституциялық заңның осы талаптарын орындамағандар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102 және 120-баптарында көзделгендей жауапқа тартылады. Аталған заң талаптары Парламент Мәжілісі депутаттарымен қатар, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына да қатысты», – дейді ол.

    Tags: сайлау

    Ұсынымдар

    Табысқа толы 90 жыл: ҚазҰУ қабырғасында бірнеше кітаптың тұсаукесері өтті

    Табысқа толы 90 жыл: ҚазҰУ қабырғасында бірнеше кітаптың тұсаукесері өтті

    1 year ago
    Құрбан айтта қанша күн демаламыз?

    Құрбан айтта қанша күн демаламыз?

    1 year ago
    Ет экспорты – ел ырыздығын еселейді

    Ет экспорты – ел ырыздығын еселейді

    11 months ago
    Тауық еті – табыс көзі

    Тауық еті – табыс көзі

    4 months ago
    Жалпылама декларациялаудың үшінші кезеңі аяқталады

    Жалпылама декларациялаудың үшінші кезеңі аяқталады

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.