-13 °c
Qonaev
Sunday, August 17, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қонаевта Наурыз мерекесін тойлады

    22.03.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мереке, Өңір тынысы, Руханият, Экология
    Қонаевта Наурыз мерекесін тойлады
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Наурыз мейрамы – түркі және парсы халықтарының көне мерекелерінің бірі. Бұл мейрамды тойлау елімізде мекемелер мен ұйымдардан бастап, жыл сайын кеңінен қанат жайып, өзінің лайықты орнын табуда. Күн мен түн теңелген тұста әз-Наурызды облыс орталығының жұртшылығы да салтанатты түрде атап өтті.

    Ата-бабамыз Ұлыстың ұлы күні «Бабаның еккені балаға сая» деп, келер ұрпаққа сая болсын деген ниетпен жер төсіне ағаш отырғызған. Осы жылғы Наурыз мейрамының бастау алар тұсында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев бас болып қала ақсақалдары мен тұрғындар 1-ықшамаудандағы №17-18 үйлердің ауласына ағаш көшеттерін отырғызып, осы бір көмескі тарта бастаған көне дәстүрді қайта жаңғыртты.

    Қаланың бас алаңындағы Наурыз тойының ашылу рәсімінде салтанатты шараның басталғаны хабарланысымен әжелердің шашу шашып шыққан сәті дүрмекті тойдың мәртебесін асқақтатты.
    Қала әкімі Нұрлан Құматаевтың жиналған қауымды Наурыз мерекесімен құттықтауынан кейін сахнада әншілер әуелеген әсем әндерімен дүйім жұрттың құлақ құрышын қандырды. Мың бұралған бишілер мерекеге сай әсем безендірілген сахнаны бимен көркемдеп, одан бетер құлпыра түскендей әсер қалдырды.

    Қаз-қатар тігілген ақшаңқан үйлердің жанында Ұлттық салт-дәстүрді насихаттау мақсатында қойылған бағзы замандардан халқымызбен бірге жасасып келе жатқан тебіреністі көріністер мереке салтанатының көрігін қыздырды. Арнайы шақырылған меймандар, еңбек ұжымдарының қызметкерлері, қала тұрғындары мен қонақтары наурыз көже мен мерекелік дастарханнан дәм татты. Күнқағарлар астында да бірқатар ұжым арнайы дастархан жайып, наурыз көже, түрлі тағамдар мен тәттілер үлестірді.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ
    Қонаев қаласы

    Tags: Қонаев қаласыНаурыз мерекесі

    Ұсынымдар

    Алматы облысында газ жарылып, бірнеше адам зардап шекті

    Алматы облысында газ жарылып, бірнеше адам зардап шекті

    2 years ago
    Қытайлық компания Алматы облысында вольфрам кенішін игереді

    Қытайлық компания Алматы облысында вольфрам кенішін игереді

    2 years ago
    Дәстүрлі басылым  ұлттық мүддеге қызмет етеді

    Дәстүрлі басылым ұлттық мүддеге қызмет етеді

    6 months ago
    Жанболат Аупбаев: Журналиске тән қасиет – жанкештілік

    Жанболат Аупбаев: Журналиске тән қасиет – жанкештілік

    11 months ago
    17 жасар майдангер

    17 жасар майдангер

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>