-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Шалғай ауылдардағы жастар белсенді

    19.03.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Демография, Құқық-заң, Сайлау-2023
    Шалғай ауылдардағы жастар белсенді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Іле ауданында аудан орталығынан 120 шақырым шалғай жатқан Ақши ауылының жас жұбайлары Темірғали Серік мен жан жары Гүлсара Жүгініс келіп дауыс берді. Серік Темірғалиұлы Күрті ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы

    27 жастағы Серік Темірғалиұлы «біздің рухымыз биік, өйткені бұл ел үшін де, өзіміз үшін де өте маңызды күн. Ел болашағы жастардың қолында және біздің таңдаған кандидаттардың қолында » деп атап өтті.
    “Сайлауға келіп, дауыс беруді әрбір азаматтың міндеті деп санаймын. Сондықтан бүгін келіп, таңдауымызды жасадық. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын”, – деді Серік.

    Айта кету керек, бұл сайлау учаскесінде 3900 сайлаушы тіркелген.
    Округтік сайлау комиссиясының төрағасы Сабыр Бапановтың айтуынша, қазірдің өзінде ауылдың жартысына жуық азаматы дауыс беріп үлгерген.

    Сондай-ақ халқы тығыз орыналасқан Байсерке ауылдық округінде де аудандық аурухананың фельдшері жас отау иесі Ақжол Асхатұлы өз жұбайымен №372 сайлау учаскесіне келіп таңдауларын жасады.

    «Біздің таңдауымыз болашақтың игілігі үшін. Ауыл аймақтағы ауылдық амбулаториялардың жағдайы жасарып, халық денсаулығының жақсаруы тікелей ақ халатты абзал жандардың қолында. Ендеше осы ауыл медицинасының алдағы жағдайы жақсарады деген үмітпен келдік. Біздің таңдаған кандидаттарымыз осы бағытта көп жұмыс істесе деген тілегіміз бар» – дейді отағасы.

    Бағдат ЧОЙБАСОВ
    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот өтіп жатыр

    Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот өтіп жатыр

    1 month ago
    Назардан тыс қалмайды

    Назардан тыс қалмайды

    11 months ago
    Белсенді жастар бас қосты

    Белсенді жастар бас қосты

    2 years ago
    Бәсеке бар жерде сапа бар

    Бәсеке бар жерде сапа бар

    4 months ago
    Тұтынушылық тауарларға қатысты жаңа техникалық регламенттер қабылданды

    Тұтынушылық тауарларға қатысты жаңа техникалық регламенттер қабылданды

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.