3 сәуірден бастап Қаскелеңде қала ішінде жүретін №1 және №2 автобус бағыттары ашылды. Қоғамдық көліктерге субсидия Қарасай әкімдігінен қарастырылған. Жол жүру бағасы – 80 теңге, оқушыларға – 40 теңге. Жол ақысын қолма-қол ақшамен немесе QR-код, кез келген банк картасы арқылы төлеуге болады.
Ал Еңбекшіқазақ ауданында Есік пен Бөлек ауылына қатынайтын №2 автобус бағыты ашылды.
Қоғамдық көлік таңғы 7-ден кешкі 5-ке дейін қатынайды, жол ақысы – 100 теңге.
Alatau News