Мемлекеттік мекемелердің, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, сот және құқық қорғау органдарының тәжірибелі өкілдерінен тұратын 6 фокус-топ құрамында 30 мүшелер қызмет атқаруда.
«Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттерінің ұйымдастыруымен қаржы, сауда және интеграция саласында мемлекеттік аппаратты бюракратиядан арылту бойынша мониторинг жүргізілуде. Алматы облысында бизнес субъектілеріне қатысты рәсімдерді және қылмыстық, азаматтық, әкімшілік іс жүргізу заңнамасын бюрократиядан арылту және субсидиялар, несиелер беруге, сондай-ақ инвестициялар тартуға байланысты әкімшілік рәсімдерді бюрократиядан арылту бағыттары бойынша талдау жасалады», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «Мемлекеттік қызмет көрсету» басқармасының басшысы Төлеген Кенжебеков.
Айта кетейік, фокус топтары 1 ай көлемінде Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының тарапынан бекітілген модератордың үйлестіруімен мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері туралы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде тиісті мысалдарды талқылап, ұсыныстар әзірлейді. Егер де ұсыныстар салмақты әрі өміршең болса, қолданыстағы Заңнамаға енгізіледі.
Осы орайда, департамент қызметкерлері өңірдің бизнес қауымдастығы өкілдерін, кәсіпкерлерді, қорғаушылырды, азаматтық қоғам белсенділерін мониторинг жұмыстарына белсене қатысуға шақырды.