Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Райымбек ауданының тұрғындарымен кездесуінде мәлім болды.
Тұрғындармен басқосуда өңір басшысы әлеуметтік салаға да аса мән беріп, атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы сөз қозғады.
Марат Сұлтанғазиевтің сөзіне сүйенсек, былтыр Көмірші және Көкбел ауылындағы орта мектептер күрделі жөндеуден өтті. Биыл Сарыбастау ауылында С. Сауранбаев атындағы орта мектептің жөндеу жұмыстары аяқталады.
«Қарасаз ауылында өнер мектебінің құрылысы жоспарланып отыр. Биыл бұл жұмысқа жергілікті бюджеттен 570,7 млн. теңге бөлінді», – деді өңір басшысы.
Ал денсаулық сақтау саласына келсек, 2022 жылы Жаңатекес ауылында медициналық пункт, Қаратоған, Талас ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, іске қосылды.
«Биыл Нарынқол ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана және Көмірші ауылында медициналық пунктті салуға 1,1 млрд. теңге бөлінді», – деді Марат Сұлтанғазиев.