Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгін Парламент Мәжілісінің кулуарында журналистер сұрағына жауабында айтты.
«Қазір балалар арасында қызылша ауруы тарап жатыр. Инфекция ауа арқылы таралады. Ауруды алғаш шетелден – Түркия, Ресей мен Египеттен келгендерден анықталды. Туристеріміз жұқтырып келіп, одан балалар арасында тарай бастады. Көбіне екпе алмаған балалар ауырды. Оларда ауруға қарсы иммунитет болмаған», – деді министр Мәжіліс кулуарында.
Министрдің айтуынша, бүгінде қызылшаға қарсы екпе алмаған балаларға екпе егіліп жатыр.
«Сондай-ақ ауру жұқтырған балаларды ерте анықтау, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазақстан бойынша ауру жұқтырудың 100 дерегі тіркелді. Әзірше, эпидемия басталған жоқ», – деді Ажар Ғиният.