Қазақстанда банкроттық рәсімдерінен өту қызметтеріне «көмек ұсынушылар» белсенді жұмыс істеп жатыр деп хабарлады Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК).
Биыл 3 наурызда банкроттық рәсімін қолдануға ниет білдірген азаматтардан өтініш қабылдау басталған. Комитет дерегіне сәйкес, кейбір халыққа қызмет көрсету орталықтарының алдында ақшалай сыйлықақыға қажетті құжаттар рәсімдеп беруді ұсынатын «көмекшілер» пайда болды. Алайда соттан тыс банкроттық (берешек 5,5 млн теңгеден артық болмаған кезде) тегін рәсімделеді.
Комитет «көмекшілер» немесе делдалдар борышкерлерді алдау үшін бірнеше жалған түсінік ойлап табады.
Олар борышкерлерге «қарыздары соттан тыс банкроттық рәсімі бойынша делдалсыз есептен шығарылмайды», «қарызды толығымен есептен шығаруға және сот банкроттығы шеңберінде тұрғын үйді сақтап қалуға, банкпен және микроқаржы ұйымдарымен берешекті реттеуге көмектесемін» деп сендіреді.
Алайда МКК «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңға сәйкес қазақстандықтар соттан тыс банкроттық рәсіміне өтінішті дербес тапсыра алатынын және ол мүлдем тегін екенін еске салады.
Сонымен қатар сот банкроттығы рәсіміне өтініш берген кезде борышкердің барлық мүлкі сауда-саттықта сатылады. Азаматтар кепілге салынған мүлік, борышкердің жалғыз баспанасы болса да, сот банкроттығы кезінде кредитордың бұл мүлікті алып қою құқығы бар екенін білуі керек.
Ал банк немесе микроқаржы ұйымдарына борышкер азаматтар кредиторға дербес жүгінуі керек. 2021 жылғы қазаннан бастап банктер мен микроқаржы ұйымдары қарыздар мен микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті реттеу тәртібі шеңберінде азаматтардың қайта құрылымдауға өтініштерін заң жүзінде қарауға міндетті.
Ең бастысы, банкроттық рәсімдеуге өтініш беру үшін борышкер мынадай талаптарға сай келуі тиіс:
1. Банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы берешек 1600 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс (2023 жылға – бұл 5 млн 520 мың теңге);
2. Борышкердің атына тіркелген мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік болмауы керек.
3. Өтініш берілген күні қатарынан 12 ай ішінде кредиторлар мен коллекторлар алдында өтелген міндеттемелері болмауы тиіс.
4. Мерзімі өткен берешек туындаған сәттен бастап 18 айдан аспайтын мерзімде несие шарты бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу немесе өндіріп алу жөніндегі рәсімнен міндетті түрде өту.
Егер борышкер өтініш берген күнге өзінің берешегін 5 жылдан артық өтемесе, онда аталған барлық талаптар оған қолданылмайды.
Банкроттық рәсімдеу шарттары мен алгоритмі және делдалдардан сақтану туралы толығырақ мына сілтемеден білуге болады.