Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте баяндады.
Оның дерегінше, білім сапасы бойынша бес облыстың көрсеткіші республикалық деңгейден төмен.
“Халықаралық зерттеулердің нәтижесі Қазақстандағы білім сапасы ЭЫДҰ елдеріндегі орташа деңгейден төмен екенін көрсетті. Әлі де ауылдағы және қаладағы білім сапасында айырмашылық бар. Білім сапасы бойынша Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстары республикалық деңгейден төмен”, – деді Алтай Көлгінов.