Биыл жалпы саны 1660 адамға 400 АЕК көлемінде грант берілмек. 1 сәуірге дейін 3857 адам тегін оқыту курстарына жіберілді, оның 2844-і оқуын аяқтады. Ал 42 азамат бизнес идеясын жүзеге асыру үшін грант алып үлгерді.
Айта кетейік, «Бастау Бизнес» жобасы халықты кәсіпкерлік дағдыларға үйретуге бағытталған. Жобаның мақсаты – кәсіпкерлік қызметке тарту арқылы халықтың экономикалық белсенділігін арттыру. Азаматтар business.enbek.kz сайтында өз бетінше оқыту курсын ала алады.
Гранттар әлеуметтік осал топ өкілдеріне, оның ішінде, атаулы әлеуметтік көмек және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алып отырғандарға, көпбалалы отбасыларға, облысқа көшіп келгендерге, қандастарға, еңбек етуге мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған жандарға беріледі.
Қаржылай қолдаудың бұл түрі бір рет қана көрсетіледі. Сондай-ақ гранттар несиелерді өтеуге, жылжымайтын мүлік сатып алуға және салуға, жер телімдерін сатып алуға, акцизделетін өнім өндіруге берілмейді.