Аталған оқу-жаттығу жұмыстары орман өртінің пайда болу және оны жою іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Бұл туралы Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Оқу-жаттығуға төтенше жағдай қызметкерлерінен бөлек, орман шаруашылығы мекемелерінің мамандары, еріктілерден құралған «Табиғат» өртке қарсы құрылымдары қатысты.
«Алматы облысында орман өрттері мен құрғақ шөптердің өртенуіне қауіпті маусым сәуірден қарашаға дейін жалғасады», – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Баспасөз мамандарының мәліметінше, өрттің алдын алу, анықтау және жою үшін әуе бөлімшелері мен жердегі өртке қарсы қызметтер жұмылдырылады. Ал оқу-жаттығу кезінде жерді зерттеу, су айдындарының орналасқан жерін қайта анықтау, өртке қарсы тосқауылдар жасау секілді бірқатар іс-шаралар пысықталды.
Айта кетейік, облыста жалпы ауданы 3,2 млн гектар орман алқабы бар. Өңірде Балқаш, Іле, Ұйғыр аудандары орман өрті қауіпті аймақ саналады.
Alatau News