Перейти к содержимому
Главная страница » Іле ауданында орман өртінің алдын алу оқу-жаттығуы өтті

Іле ауданында орман өртінің алдын алу оқу-жаттығуы өтті

Аталған оқу-жаттығу жұмыстары орман өртінің пайда болу және оны жою іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Бұл туралы Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Оқу-жаттығуға төтенше жағдай қызметкерлерінен бөлек, орман шаруашылығы мекемелерінің мамандары, еріктілерден құралған «Табиғат» өртке қарсы құрылымдары қатысты.

«Алматы облысында орман өрттері мен құрғақ шөптердің өртенуіне қауіпті маусым сәуірден қарашаға дейін жалғасады», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Баспасөз мамандарының мәліметінше, өрттің алдын алу, анықтау және жою үшін әуе бөлімшелері мен жердегі өртке қарсы қызметтер жұмылдырылады. Ал оқу-жаттығу кезінде жерді зерттеу, су айдындарының орналасқан жерін қайта анықтау, өртке қарсы тосқауылдар жасау секілді бірқатар іс-шаралар пысықталды.

Айта кетейік, облыста жалпы ауданы 3,2 млн гектар орман алқабы бар. Өңірде Балқаш, Іле, Ұйғыр аудандары орман өрті қауіпті аймақ саналады.

Alatau News