-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Мәжілісте ауыл әкімдерінің өкілетін кеңейтуді ұсынды

    07.04.2023
    in Ауыл тынысы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Өңір тынысы, Саясат, Үкімет, Экономика
    Мәжілісте ауыл әкімдерінің өкілетін кеңейтуді ұсынды
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    Мәжілісте Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасын таныстыру өтті. Мәжіліс баспасөз қызметінің хабарлауынша, құжатты таныстырған Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков жоба жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттіктерінің аражігін ажырату мақсатында әзірленгенін айтты.

    Бауыржан Омарбековтің айтуынша, заң жобасында жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі органдары, олардың міндеттері мен өкілеттіктері, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бөлігіндегі мемлекеттік басқару органдарының құзыреті айқындалған. Сонымен қатар өзін-өзі басқару органдары мен ауыл әкімдерінің дербестігін кеңейту талап етіледі.

    «Ауылдық округтер деңгейінде азаматтардың ашық дауыс беруі арқылы төрт жыл мерзімге кеңес құрылады. Біз бюджетті бекіту құқығын кеңес атынан тікелей тұрғындарға береміз. Аудан өз кезегінде ауылдарға барлық болжамды параметрді, лимиттер мен трансферттер көлемін жеткізетін болады. Сондай-ақ кеңес өзге де құжаттарды, оның ішінде – жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларын, абаттандыру ережелерін, әкім аппараты азаматтарға көрсете алатын ақылы қызметтер тізбесін, сондай-ақ көше саудасы, мерекелік іс-шаралар өткізу орындарын бекітеді», – деді вице-министр өз баяндамасында.

    Бұдан басқа, ол кеңес мәслихат алдында әкімді қызметтен босату туралы мәселеге бастамашылық жасау құқығына ие болатынын айтты.

    «Жалпы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әкімнің және оның аппаратының бұрыннан бар функцияларын ескере отырып, заң жобасы аясында ауыл әкімі мен оның аппаратына тиісті қосымша функциялар беру ұсынылып отыр. Бұл тұрғыда көрме-жәрмеңке қызметін ұйымдастыру және көше саудасының мониторингі (аудандық деңгейден), коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру, балалар ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіз болуына мониторинг жүргізу, сондай-ақ жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуын қамтамасыз ету (аудандық деңгейден), тұрғындарға ақылы негізде қызмет көрсету сияқты функциялар ескерілген», – деді Бауыржан Омарбеков.

    Оның айтуынша, заң жобасы аясында бюджеттің IV деңгейіне қосымша салықтар мен төлемдердің кейбір түрлерін беру жоспарланып отыр. Олар:

    – облыс мәслихаты бөлетін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығының 50%-ы;
    – жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (бензинді, дизель отынын, экологиялық отынды көтерме және бөлшек саудада өткізу және басқа да өнімдер);
    – жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;
    – су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем.

    Вице-министрдің пайымынша, бұл қадамдар жедел түрде кадр тапшылығын шешуге және әкім аппаратының өкілеттігі шегінде жекелеген қызметтерді орындау үшін ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді.

    Tags: ауыл әкіміқұзыретөкілет

    Ұсынымдар

    Гүлденсе ауыл…

    Гүлденсе ауыл…

    7 months ago
    Тәртіптік іс қаралды

    Әдептен озбайық!

    1 year ago
    Алтайдың арғы жағы, бергі жағы

    Алтайдың арғы жағы, бергі жағы

    2 years ago
    Кәсібилікті  арттырады

    Кәсібилікті арттырады

    4 months ago
    Ұстаз ұлағаты – ұрпаққа өнеге

    Ұстаз ұлағаты – ұрпаққа өнеге

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>