-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Монополияға қарсы қызмет: Облыста тауар бағасы тұрақты бақылауда

    25.04.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Өңір тынысы, Үкімет, Экономика
    Үкімет: Жанармайдың қымбаттауы азық-түлік бағасына айтарлықтай әсер етпейді
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Облыста тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайы тұрақты зерттеледі. Бұл туралы облыстық Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі облыс бойынша департаментінің өкілдері өңірлік коммуникация алаңында мәлімдеді.

    Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі – бәсекелестiктi қорғау және монополистік қызметтi шектеу саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ, тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Агенттіктің негізгі міндеті – бәсекелестік орта құрып, барлық кәсіпкерлер үшін тең мүмкіндіктер жасау, нарықтарды монополиялауды тоқтату. Департаменттің жұмысы мынадай негізгі бағыттардан құралады: тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін зерделеу, монополияға қарсы заңнаманы бұзу бойынша тергеп-тексеру жүргізу, тауар нарықтарындағы анықталған кедергілерді жою жөніндегі жұмыс.

    Бірінші бағыт бойынша 2022 жылы облыстағы тауар нарығына 24 кешенді сараптама жасалған. Зерттеулер нәтижесінде монополияға қарсы заң нормаларын бұзғаны үшін 10 ескерту берілген. Облыста табиғи газға ауысу науқаны қызып тұрғандықтан құрылыс материалдарының бағасында да тұрақсыздық байқалады. Бәсекелестікті қорғау агенттігінің өкілдері кешенді түрде жұмыс істеп, абоненттерді орталық газбен қамту желілеріне қосу құнын 450-500 мың теңгеден 350 мың теңгеге дейін арзандатқан. Сондай-ақ, 2022 жылы домофон, медициналық қызметтер, қант өндірісі мен саудасы, мектепке дейінгі білім беру және көмір сату бойынша монополияға қарсы комплаенстің 15 сыртқы жағдайы қаралған. Нәтижесінде, медициналық қызметтердің бағасы 5-тен 10 пайызға дейін төмендетілді.

    Нарық субъектілері монополияға қарсы заңнаманы бұзған жағдайда бәсекелестікті қорғау мақсатында ескерту беріледі. Бұдан бөлек, айыппұл салынады және монополия жолымен түскен кіріс тәркіленеді. Осылайша, 2022 жылы аталған департамент монополияға қарсы заңнаманы бұзғандарға қатысты 9 тергеуді аяқтап, 6 әкімшілік іс қозғаған. Оларға монополиялық кірісті тәркілеу барысында 6 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды.

    Осы жылы 20-дан астам тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін зерделеу жоспарланған.

    Баян Мұратбекқызы,
    Қонаев қаласы

    Tags: монополияТауар бағасы

    Ұсынымдар

    Саяси науқанда өз еркін білдірді

    Саяси науқанда өз еркін білдірді

    8 months ago
    Шаңырақ шамшырағы

    Шаңырақ шамшырағы

    1 year ago
    Масс-медиа – үлкен күш

    Масс-медиа – үлкен күш

    11 months ago
    Президент: Алдағы жылдары ауылды дамытуға күш саламыз

    Президент: Алдағы жылдары ауылды дамытуға күш саламыз

    2 years ago
    Денсаулық сақтау саласында биыл қандай өзгерістер болды?

    Денсаулық сақтау саласында биыл қандай өзгерістер болды?

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.